ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. 2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры. 2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

 

 «ozgeris.info».


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств