«Қызым болса деп көп армандайтынмын»: Жахан Отарғалиев қалауы орындалғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Белгілі актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Бұрын мен қызым болса екен деп көп армандайтынмын. Аллаға шүкір сол арманым орындалды. Екі қызым бар. Қызың не айтса, соны істейсің», — деді ол видеода.

Желі қолданушылары Жаханның бұл әрекетін жақтап, түрлі пікір жазуда.

«Жетімнің басынан сыйпағанның сауабы көп», «Осы қыздарға жақсы әке болсаң, Алла саған да береді», «Бала тапқандыкі емес, баққандыкі», «Бақытты болыңдар, Құдай тілеуіңді берсін», — деп жазды олар. 

@zhahan_johanАллаға шүкір үш қызым бар😍

♬ оригинальный звук — 🎬 ДЖОХАН 🎬