Сотта қаза тапқан Нұрғанат Ғайыпбаевтың тергеу барысында берген жауабы оқылып жатыр. Прокурор Дана Сарсенбаева қақтығыстың қалай басталғаны туралы айтылған үзіндіні жария етті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ғайыпбаевтың сөзінше, оқиға орнында айыпталушылардан бөлек екі қыз болған — алдын ала мәлімет бойынша, олар Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгельді.
«Қыздардың бірі дүкеннің есігінен әкесін шығармай тұрды, екіншісі көліктен пышақ беріп жатты. Алғашқы пышақ Нұрқияс Ілиясовтың қолына тиді — ол маған бірнеше рет сермеді, бірақ дарытпады. Мен тоқтауды сұрап, бәрін сабырға шақырдым, алайда төбелес жалғаса берді. Кенеттен Шерзат жүгіріп келіп: “Аға, қашайық”, — деді. Мен оған: “Сен қаш, мен осында қаламын”, — деп жауап бердім», — деді прокурор.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру