Бүгін Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот отырысының басында судья Ержан Жанұзақов сот процесіне қатысушылар мен қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Судьяның айтуынша, әлеуметтік желіде сот процесіне қатысы жоқ азаматтар тергеу амалдары мен сот барысына қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті бағасын беріп жүр.⠀
— Сот талқылауы аяқталып, үкім заңды күшіне енбейінше, сот процесін талқылау, әсіресе құқықтық баға беру – заңсыз, — деді Ержан Жанұзақов.
Ол соттың тек заңға сүйеніп шешім қабылдайтынын және әділ, негізделген үкім шығару қамтамасыз етілетінін атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру