Қырғызстанда көкпаршы ойын кезінде қайтыс болды

фото: 24.kg

Военно-Антоновка ауылында көкпар ойыны кезінде ойыншы қайтыс болды. Оқиға сәті YouTube арналардың бірінің тікелей эфирінде көрсетілді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі 24.kg сайтына сілтеп.

Бұл бүгін, 12 наурызда, Военно-Антоновка ауылында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған көкпар ойыны барысында болған.

44 жастағы спортшының көкпар ойыны кезінде қаза болуына байланысты алдын ала тергеу басталды. Бұл туралы 24.kg сайтына елорданың Ленин ауданы ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ленин ауданы ІІБ мәліметінше, спорттық шараны көкпар ұлттық ойындар федерациясы ұйымдастырған. Оқиға Сокулуктың «Борулу» және Оштың «Бүркүт» командаларының кездесуінде орын алған. Ойын басталғаннан кейін шамамен 10-15 минут өткенде спортшы Мирлан Сраждинов атпен соқтығысып, есінен танып құлаған.

Ойын дереу тоқтатылып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Факт Ленин ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналына тіркелді. Алдын ала тергеу басталды.

Мирлан Сраждинов Сокулуктың «Борулу» командасының сапында өнер көрсеткені белгілі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей