Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ережелер мен заңдар бар, маркетплейстер оларды не орындайды, не Қазақстан нарығынан кетеді.
«Менің білуімше, Temu мен Pinduoduo шартты түрде тіркеліп, ҚҚС төлеуші атанды. Қалғандары үшін де ережелер бірдей», – деді ол.
Жұманғарин бұл саладағы талаптардың қарапайым екенін және барлық маркетплейстердің бірдей салық төлейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, биыл маркетплейстерден 50 миллиард теңге салық түседі деп жоспарланып отыр.
«Олардың қатарында Temu, Pinduoduo, Alibaba, Amazon және тағы басқа шамамен 20 компания бар», – деп қорытындылады министр.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру