Жаңа реформа кедейшілікті ушықтырып жіберуі мүмкін — сарапшылар

Фото: foma.ru

Қазақстанда 1 миллионан астам адам кедей деп танылған. Ал Дүниежүзілік банктің есебінше бұл сан әлі де артуы мүмкін. Ақпараттарға сүйенсек, қазақстандықтар елде минималды айлықтың 50,2%-ін азық-түлікке жұмсайтыны белгілі болған. Бұл – бір адамға шаққандағы мәлімет. Ал Еуропа елдері болса айлықтың 10-15%-ін ғана тамаққа жаратады екен. Ұлыбритания отары болған, қазба байлығы бізден бірнеше есе аз Ирландия, Аустралия, Жаңа Зеландия тұрғындары 7-7,5%-ін ғана тамаққа жұмсайды.

2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша Қазақстан халқының 5,4%-ның табысы елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл Ranking аналитикалық арнасының берген көрсеткіші.

Өңір арасында Түркістан, Абай, Жетісу және Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш 8-9%-ға жеткен.

Былтыр ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен айына 49,9 мың теңге болды. Отбасы мүшелерінің саны да кедейлік деңгейіне әсер етеді. мысалы 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасыларда кедейлік деңгейі 9,2% құрап, орташа көрсеткіштен екі есе жоғары болған.

Сәйкесінше, халықтың 0,2 пайызы тақыр кедей саналады. Бұл 45,2 мың адам. Олардың табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен.

Қазақстандықтар шын мәнінде қанша табыс табады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, елдегі орташа жалақы көлемі — 390 328 теңге. Бұл 2024 жылдың үшінші жартыжылдығының көрсеткіші. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше Алматы қаласы, Павлодар және Ақтөбе облыстарында халықтың жалақысы қарқынды өсіп келеді.

Сарапшылардың айтуынша, халықтың басым бөлігі өндірісі дамымай жатқан аймақтарда тұрады. Негізінен ауылшаруашылықпен айналысатын өңірлердегі халықта жалақы төмен.  Ең төменгі айлық табыс  мал, егін, балық, көкөніс шаруашылығында еңбектенетін шаруаларға тиеселі. Мұндай аймақтарда халықтың 50 пайыздан астамы өмір сүреді. Ал керісінше орташа жалақының көрсеткіші химия өнеркәсібі, мұнай-газ секторында ауыр өнеркәсіппен айналысатын аймақтарға тән. Одан бөлек ірі мегополистердегі квазимемлекеттік сектор, банк және сақтандыру саласында істейтін мамандар жоғары айлық алады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда мүмкіндіктер теңсіздігі бар екенін айтты.

«Бүгінде 1 млн адам 150 мың теңгеге күн көріп отыр, яғни кедей адамдардың саны артуда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын азаматтар саны халықтың 4,6%-ын құрап отыр. Ел тұрғындарының кедейленуінің тағы бір көрсеткіші 8,6 миллион азаматтың басында несие бар. Оның 1,6 миллионы несиесін төлей алмай, 90 күннен асып кеткен. Үкіметтің кедейшілікпен күрес деңгейі – төмен», — деп сынға алды депутат.

 

Халық кедейшіліктен шығады ма, жоқ па?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Оксфорд университетінің бірлескен зерттеуіне сәйкес, әлемде 1,1 миллиард адам кедейліктің құрсауынан шыға алмай отыр. Олардың шамамен 455 миллионы қақтығыстар мен тұрақсыздық белең алған аймақтарда тұрады.

Көп өлшемді кедейшілік тек табыстың төмендігін ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және өмір сүру деңгейі сияқты көрсеткіштерді де қамтиды. Зерттеу барысында 112 елдің 6,3 миллиард тұрғынының он жылдық статистикасы талданып, 20 елде қосымша сауалнама жүргізілген.

Қазақстандағы жағдай да тәуір емес. Күні кеше үкімет қосымша құн салығын 20 пайызға көтеруді тапсырды. Салық өссе, азық-түлік пен тауардың бағасы да өседі. Ал қымбатшылықтан елдегі кедейлер саны да артуы мүмкін. Себебі ресми дерек бойынша, қазақстандықтар баспана мен күнделікті қажет тауарларына табысынан 2 есе көп жұмсайды. Бұл ретте орынды сұрақ туындайды, салық өссе, жалақы артуы керек пе?

«Әрине, жалақыны көтерсе халықтың жағдайы жақсарады. Алайда, мемлекетте ондай мүмкіндік жоқ. Еңбек министрлігі әрқашан бюджеттің мүмкіндігіне қарайды. Мемлекеттің қаражаты қандай мүмкіндік берсе, жалақы көлемі де сол мөлшерде белгіленеді. Тәуелсіз методика деген жоқ. Барлығы бюджетке байланысты», — дейді Айбар Олжаев.

 

Мемлекеттің бюджеті өскен сайын, халықтың да жағдайы жақсармақ. Дәл қазіргі таңда еліміздің жағдайы жоқ дегенде 85 000 теңге беруге мүмкіндігі бар деген сөз. Сонда да ұлттық статистика бюросы көрсеткен сандармен келісуге тура келеді дейді маман.

 

Сарапшының пікірінен қорытынды қандай? Яғни, қазіргі таңда Қазақстанның басқа амалы жоқ. Бюджет дефицитін қысқарту үшін еліміз амалсыз осындай қадамға барғалы отыр. Халықтың жағдайымен құрбан ете отырып, үкімет екі-үш жыл ішінде өз жағдайын тұрақтап алмақ. Долллар бағамы да елдегі тұрақтылыққа әсер етеді.

 

Қымбатшылық қысып барады

Коммуналдық қызмет, әсіресе электр энергиясы, суық су, және орталық жылытудың бағасы едәуір өскен: электр энергиясы 22,9%-ға, суық су 60,3%-ға, ал орталық жылытудың бағасы 33,6%-ға артқан.

2024 жылдың тоғыз айында еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 2,9%-ға көтерілді.

«Ұлттық қордан қазынаға қосымша 2 трлн бөлінуі де жағдайды ушықтырып жіберді. Қаражат қыркүйек-қазан айларында экономикаға түсіп, ликвидтілікті арттыру арқылы сұранысты көтерді және инфляциялық қысым жасады. Алдағы айларда инфляцияның төмендеуі екіталай. Жыл соңына дейін 8,5% деңгейінде қалады. Осыған байланысты, Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтайды», — деп болжам жасаған екен Halyk Finance сарапшылары.

 

ҚҚС өссе қымбатшылық бетімен кетіп, халық кедейлене түседі 

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы біздің тілшіге берген сұқбатында, бұл жан-жақты талқылауды қажет ететін күрделі мәселе екенін айтып, жаңа реформаны қолдамайтынын жеткізді.

 

«Бұл жерде ең көп зардап шегетін ол шағын және орта кәсіп иелері. Осы тұсы қадағалануы керек деп ойлаймын. Ірі кәсіпкерлер үшін тиімді тұсы бар, мысалы олардың жұмыскерлерін түрлі салықтардан босатып, жеңілдіктер жасалады деген дүниелер айтылып жатыр. Бірақ қол астында 1-2 жұмысшысы бар шағын кәсіпкерлер қиындыққа ұшырайтынын байқап отырмыз. Бұл ертең инфляцияға, қымбатшылыққа алып келетінін мамандар айтып отыр. Мен де солай ойлаймын», — деді депутат біздің тілшіге берген сұқбатында.

 

Мәжілісменнің айтуынша, Үкіметтің мұндай шараға баруының артында себеп бар екенін түсінуге де болады. Жыл сайын бюдеттің тапшылығынан Ұлттық қорға қол сала бергеніміз де осындай шұғыл қадамдар жасауға себеп болып отыр.

«Бұл жерде басқа да амалын табу керек шығар деп ойлаймын. ҚҚС өсуі айналып келгенде осы қарапайым халықтың қалтасына түсіп тұр. Бірқатар азаматтар қолдаймыз дейді, ірі кәсіпкерлер де басқа жағынан қолдау алатындықтан, жұмыскерлер саны көп болғандықтан қолдап отырған болар. Дегенмен шағын кәсіпкерлердің жанайқайын естіп отырмыз. Әлі де талқылануы керек сұрақ. Бәлкім 20% емес, одан төмендеу алу керек шығар. Бюджет тапшылығын шешудің басқа жолын да қарастырған дұрыс шығар деп ойлаймын», — дейді Жарқынбек Амантайұлы.

 

Депутат елімізде кедейшілік бар екенін де жасырмады. Жаңа реформа кедейшілікті ушықтырып жіберуі мүмкін дейді.

«Көлеңкелі экономика мен қолма-қол ақшаға ойысу да болады. Үкіметтің өкілдері де бұл жағдай болатынын жоққа шығарып отырған жоқ. Әрине, жалақы да, халықтың табыс деңгейі де артуы керек. Салықтың көбеюі басқа салаларға да әсер етпек. Оның үстіне жанармай бағасын бақылауды келесі айдан бастап үкімет еркін жіберейін деп отыр. Бақылауды алып тастау қымбатшылыққа алып келуін тарих көрсетті. Сондықтан табысы төмен халыққа ауыр тиетіні сөзсіз. Бұл сұрақты осы саланың мамандарымен бірлесе отырып, әлі талқылау керек деген ойдамын», — деді депутат.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
109 летний кардиолог дал рекомендации как снизить давление быстро
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог: "Хотите снизить давление? Прекратите добавлять в еду…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!