Қостанайда әкімдік алдындағы жаңажылдық сырғанақты жинау кезінде жұмысшы қаза тапты

Фото: НГ қорынан

Қостанай облысы Қамысты ауданында әкімдік алдындағы жаңажылдық сырғанақты жинау кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған жұмысшыны жергілікті ауруханаға алып кеткен, алайда ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Оқиға 13 ақпан күні кешкі сағат 17:00-де орын алған.

Оқиға фактісін орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Ермік Жұматаев растады. Қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Бізде стандартты процедура бар. Егер адам қайтыс болса, оны анатомиялық зерттеу жүргізу үшін мәйітханаға жібереміз. Осы зерттеу аясында алынған үлгілер сот-медициналық сараптамаға жіберіледі»,  – деп түсіндірді Жұматаев.

Тексеру барысында қауіпсіздік шараларының бұзылған не бұзылмағаны да анықталатын болады.