QirSabyn Telegram арнасының ісін ҰҚК тергеп жатыр

Фото: Pixabay.com

Telegram-дағы QirSabyn (Кір сабын) арнасының ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр, — деп хабарлайды ozgeris.info.

«Бұл дерек бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Бопсалау) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.

QirSabyn — Қазақстанның саясаткерлері, блогерлері мен атақты адамдары туралы жеке ақпаратты жариялаған аноним Telegram арна.