Алматы сотында 10 сәуір күні сатиралық Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Енсебекті сұрақ-жауап алу жалғасты. Ол «Йоу, орыстар» әні жарияланғаннан кейін ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталып отыр.
Сот отырысында Енсебек тергеу тарапынан процессуалдық заңбұзушылықтар болғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ақбота Сіләм порталына сілтеп. Оның сөзінше, тергеушілер телефонын бұзып ашуға тырысқан:
“Құрылғыларымда жасырын ештеңе жоғын дәлелдеу үшін өз еркіммен көрсетуге дайын едім. Бірақ маған телефон мен ноутбугымды қайтарғанда, олар әлдеқашан бұзылып ашылған — бұл меншік иесінің қатысуынсыз болмауы тиіс еді. Құрылғылар сәтсіз кіру әрекеттерінен кейін бұғатталып қалған”, — деді ол.
Осыдан кейін Енсебек тергеумен ынтымақтастықтан бас тартқанын айтты:
“Менде олар істі ауырлату үшін тыйым салынған материалдарды қасақана жүктеуге тырысты ма деген күдік туды. Себебі бұл іске әлі күнге дейін бірде-бір дәлел жоқ”, — деді айыпталушы.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру