«Қазақтелеком»  Tele2 мен Altel операторларын катарлық компанияға 1,1 млрд долларға сатты

Коллаж Ulysmedia

«Қазақтелеком» АҚ мобильді байланыс операторы – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100% үлесін Катарда орналасқан Power International Holding (PIH) халықаралық компаниясының еншілес ұйымына 1,1 млрд долларға сатты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған қаржылық есепке сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, мәміле 2025 жылдың қаңтарында аяқталған. «МТС-дегі (яғни, «Мобайл Телеком-Сервис») үлесті сату құны 1,1 млрд долларды құрады, оның бір бөлігі шартты сыйақы ретінде төленеді», – делінген есепте.

Сонымен қатар, бұл мәміледен кейін «Қазақтелеком» АҚ құрамында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қызметі тоқтатылғаны айтылған.

2024 жылғы 30 сәуірде холдингтің жалпы жиналысы МТС-тің 100% үлесін үшінші тарап – Power International Holding компаниясына сату туралы шешім қабылдаған. 4 маусымда «Қазақтелеком» PIH Interconnect Limited (PIH еншілес ұйымы) компаниясымен келісімге қол қойған. Ал 12 қарашада негізгі келісімге өзгерістер енгізіліп, мәміле шарттары PIH-тің басқа еншілес компаниясына берілген.

Айта кетейік, 2024 жылы МТС-тің сатып алушылармен келісімшарттар бойынша жалпы кірісі 244 млрд теңге, жалпы табыс – 161 млрд теңге, операциялық табыс – 134 млрд теңге, салық салынғанға дейінгі табыс – 125 млрд теңге, ал таза пайда – 53 млрд теңге болған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора