Қазақстандықтар алтыннан бас тартып жатыр

Елімізде алтынға сұраныс күрт төмендеді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бар-жоғы 4 939 алтын құймасы сатылып, олардың жалпы салмағы небәрі 50 келіні құрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өткен жылдың осы кезеңінде 18 969 алтын құймасы (816,4 кг) сатылған еді. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді. Айта кетерлігі, халықтың қызығушылығы азайған кезде алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді – бір жылда 56,2%-ға қымбаттады. Ұлттық банктің сәуірдегі сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 0%-ы алтынды жинақтаудың сенімді тәсілі ретінде таңдады. Алтын құймалары елімізде Halyk, Евразиялық банк, Jusan, БЦК және айырбастау пункттері арқылы сатылуда. Бірақ баға шарықтаса да, қазақстандықтар алтыннан алшақтап келеді.