Қазақстандық хоккейші қыздар Азиадада екінші жеңісіне жетті

Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.

Харбинде (Қытай) өткен матчта қазақстандық хоккейшілер Таиланд құрамасын 9:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынның басты қаһарманы София Зубкова болды – ол қарсылас қақпасына төрт шайба соқты. Сонымен қатар, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Мунира Саяхатқызы, Александра Шегай және Анна Пяткова да бір-бірден гол салды.

Бұл сенімді жеңіс Қазақстан құрамасына екі турдан кейін алты ұпай жинауға мүмкіндік берді.

Бұған дейін отандық хоккейші қыздар Гонконг құрамасын да жеңген еді.