Қазақстандық ең қымбат футболшының бірі мансабын аяқтауы мүмкін

Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың алаңға шықпағанына 2,5 ай болды, деп жазады ozgeris.info сайты.

Әлеуметтік желілерде «ұзаққа созылған жарақат Бахтиердің мансабын аяқтауына негіз болады» деген сыңайдағы ақпараттар шығып жатыр. Бұған – түрік журналисі Серкан Дикменің пікірі себеп. Ол қазақстандық ойыншының сіңір аймағында ісіну байқалғаны жөнінде айтқан еді. Негізінен жарақаттың сипаты мен қалпына келтіру мерзімі әлі тексеріледі. Сондықтан, карьерасына әсері мүмкін мәселелер бар.

Бұған дейін Бахтиер Зайнутдиинов футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі наурызда өткен екі ойынның дайындығына келген болатын. Бірақ, Ұлттық құрама дәрігерлерінің тексеруінен кейін ол оқу-жаттығу жиынына қатыспады.

«Дәрігерлер тексеруінен кейін Бахтиердің жарақаты бар екені анықталды. Сондықтан дайындыққа қатыспады. Ал мансабы аяқтау жөнінде бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ», – деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай.

Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде туған. Мансабында қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында ойнады. Ал ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін түркиялық клубта доп тебеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…