Қазақстандағы мобильді интернет көршілес елдермен салыстырғанда қымбат болып шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Global Relocate порталының жаңа рейтингінде Қазақстанда 1 гигабайт мобильді трафик үшін орташа есеппен 0,41 доллар төленетіні анықталды. Бұл көрсеткішпен ел 35 орынға орналасты.
Бұл көрсеткіш Өзбекстаннан (0,3 доллар, 22 орын), Молдова (0,28 доллар), Украина (0,27 доллар, 16 орын), Ресей (0,25 доллар, 15 орын) және Қырғызстаннан (0,17 доллар, 8 орын) қымбат.
Арменияда (0,98 доллар, 87 орын), Тәжікстанда (1,65 доллар, 142 орын), Әзербайжанда (1,76 доллар, 146 орын) және Түрікменстанда (11,42 доллар, 230 орын) орташа баға жоғары болды.
Әлемдегі ең арзан мобильді интернет Израильде – 1 гигабайт үшін 0,02 доллар. Одан кейін Фиджи мен Италия – 0,09 доллар, сондай-ақ Сан-Марино – 0,1 доллар.
Ең қымбат интернет Зимбабведе – 1 гигабайт трафик үшін 43,75 доллар.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру