Қазақстанда қалыңдық ұрлауға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

фото: polisia.kz

Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, Мәжіліс депутаттары неке қиюға мәжбүрлеуге қатысты заң жобасына түзетуді қолдаған. Оның сөзінше, заң жыл соңына дейін күшіне енеді деп күтілуде, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Айыппұл бойынша — нақтылау жүріп жатыр. Қазір екі нұсқа бар – шамамен 100 немесе 50 АЕК. Ал егер жәбірленуші 18 жасқа толмаса, не күш қолданылса, немесе бірнеше адамнан құралған топ болса, онда жаза күшейеді – 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді депутат.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда полицияға неке қиюға мәжбүрлеу бойынша 214 шағым түскен. Алайда, олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен, ал қалған істерде ер адамдар жауапкершіліктен босатылған.