Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық жансақтау» принципін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған құжатта айтылған.
Министрлік анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсету стандартына түзетулер енгізу жобасын дайындады.
«»Ашық жансақтау» принципі – бұл анестезиология және реанимация-интенсивті терапия бөлімшесінде немесе жансақтау және интенсивті терапия бөлімшесінде балалардың заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыру қызметі», – делінген құжатта.
Бұл жерде барлық кәмелетке толмағандар балалар ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, министрлік анестезияға дайындық және жағдайды бағалау мерзімін 24-48 сағаттан 12-24 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды.
ПІКІР ЖАЗУ