Қазақстан жеті ғасырлық тарихы бар мәдени мұрадан айырылды

Түркістан облысының Созақ өңірінде орналасқан республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген көне «Ақбикеш» мұнарасы құлады. Бұл жайлы қазақ ақыны, журналист Төреғали Тәшенов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

— Атақты археолог Кемел Ақышев ағамызға тосын сұрақ қойып: «Кемел аға, егер Ақсүмбе мұнарасы құласа не болар еді?» дегенде ол кісі: «О, шырақтарым, Құдай оны басқа салмасын, онда бүкіл Дешті-Қыпшақ даласы құлазып қалады ғой», — деген екен. Құдай соны басқа салды! Дешті-Қыпшақ даласының Қарауыл мұнарасы құлады!, деп жазды Тәшенов.

«ЖӨНДЕГЕНСЫМАҚТАР ТӨБЕСІН АШЫҚ ҚАЛДЫРҒАН»

— Оны жөндегенсымақтар да  болған. Солар төбесін ашық қалдырғандықтан, жауған қар мен сорғалаған жаңбыр қоя ма, ақыры мынау болды, сыртқы дуалы жермен-жексен құлағанда ішіндегі жеті ғасырға шыдас берген ғажайып ескерткішті, мемлекет қорғауындағы тарихи мұнараны өзімен бірге қоса жұлып алып кетті!, дейді Төреғали Тәшенов.

ДЕПУТАТТАР МЕН ЖУРНАЛИСТЕР КӨТЕРЕТІН МӘСЕЛЕ

— «Ақбикеш» мұнарасы тікелей мемлекет қарауында болған. Негізі, реставрация мәселесі елімізде өте үлкен проблемаға айналды. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыс тиген-ау оларға. Депутаттар, журналистер көтеретін мәселе, деп жазды ғылымды насихаттаушы, журналист Дина Имамбай.

ӘКІМДІК НЕ ДЕДІ?

Созақ ауданының әкімдігі мұнараның қирағанын растап, ескерткіштің Мәдениет жәнеспорт министрлігінің республикалық маңызы бар нысандар тізіміне енгізілгенін хабарлады.

— 2025 жылдың 25-26 қаңтарында ауа райының қолайсыздығынан, қар мен жаңбырдан ескерткіштің бір бөлігі қайта құлады. Аудан әкімі тарихи мұраның бүгінгі жай-күйіне байлынысты шұғыл облыстық мәдениет басқармасын хабардар етті, деді әкімдік өкілдері.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...