МАГАТЭ мен ЭЫДҰ (ОЭСР) жариялаған есепке сүйенсек, Қазақстандағы барланған уран қоры 2040 жылға дейін ғана жетуі мүмкін екенін Ozgeris.info порталы ORDA Telegram арнасына сілтеме юасай отырып хабарлайды. Бұл — жаңа кен орындары есепке алынбаған жағдайдағы болжам.
Бұл мәселе туралы өткен жылы «Байдильдинов. Мұнай» бағдарламасы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикинмен сөйлескен болатын. Оның айтуынша, қазіргі жоғары қарқынды өндіру деңгейімен, еліміздің уран қоры бар болғаны 40–60 жылға ғана жетеді.
Яғни, егер алғашқы АЭС 2035 жылы іске қосылса, оның қызмет ету мерзімі 60–80 жылды құрауы мүмкін. Бірақ 2065–2085 жылдарға қарай — станция жұмыс істеп тұрған кезеңнің өзінде — Қазақстан урансыз қалуы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша көш бастап тұр (әлемдік көлемнің 43%), сондай-ақ қор көлемі бойынша екінші орында. Бірақ уран да мұнай мен газ секілді — шексіз емес ресурс.
Сонымен қатар, біз уранды өзіміз байытпаймыз және бұл технологияны игеру мүмкін емеске жақын, себебі ол тек ядролық клубқа кіретін мемлекеттерге ғана қолжетімді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру