Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды

фото: informburo.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде +/- 1 пайыздық дәлізбен сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Informburo.kz порталына сілтеп.

Қаржы институтының мәліметінше, жиынтық ақша-кредит талаптары сұраныс серпінін бәсеңдету мен инфляцияны төмендету үрдісін бекіту үшін біршама қатаң деңгейде сақталады.

«Инфляциялық факторлардың тепе-теңдігін, оның қазіргі қарқынын, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздіктің жоғары деңгейін ескере отырып, алдағы уақытта базалық мөлшерлемені төмендетуге алғышарттар жоқ. Келесі болжамдық кезеңде тәуекелдер балансы – салық реформасының ықтимал салдары, АҚШ тарифтік саясатының әсері және басқа да факторлар ескеріліп, қайта бағаланады. Мөлшерлеме бойынша шешімдер келіп түсетін деректер мен инфляция болжамының негізінде қабылданады», – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Келесі жоспарлы шешім 5 маусымда жарияланады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора