Ерлер ұлттық құрамасы Қытайлық Тайбэй командасымен кездесіп, Олег Болякин шәкірттері қарсыластарын 17:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жеңімпаздар сапында Кирилл Панюков бес шайба соқты, Алихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов екі голдан енгізді. Сонымен қатар, Андрей Буяльский, Арсений Лихотников, Евгений Рымарев, Артур Королев, Кирилл Савицкий, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Александр Борисевич және Денис Шаропов та бір-бір голдан салды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиада-2025 турнирінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Келесі матч 8 ақпанда Жапонияға қарсы өтеді.
ПІКІР ЖАЗУ