2025 жылдың алғашқы үш айында «Қазақстан халқына» қорына небәрі 277,7 миллион теңге ғана түсті. Ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде қор 45,8 миллиард теңге жинаған болатын. Бұл – түсімдердің 99,4%-ға құлдырағанын көрсетеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мұндай күрт төмендеудің басты себебі – қайырымдылық ұйымдарына деген сенімнің жоғалуы. 2024 жылдың соңында Қаржылық мониторинг агенттігі «Biz Birgemiz» қорының басшысы Перизат Қайратты тұтқындады. Оған миллиардтаған теңгені жеке мақсаттарға жұмсады деген айып тағылған болатын.
Осы оқиға қайырымдылық ұйымдарына деген сенімге соққы болып, халықтың қайырымдылыққа үлес қосуға құлшынысын төмендетті. «Қазақстан халқына» қоры да осы сенімсіздіктің құрбанына айналғандай.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру