Қазақстан АЭС құрылысына Ресейдің қатысуын қалайды

Фото: energy.ru

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде салынатын тұңғыш атом электр станциясының (АЭС) құрылысына Ресей тарапының қатысқанына мүдделі екенін жеткізді деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ertenmedia.kz-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен болған кездесу кезінде мәлімдеді.

Министр Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің түрлі салада бірлескен жобалары бар. Ал атом электр станциясының құрылысы – осы бағыттағы келесі маңызды қадам болуы мүмкін.

«Екі елдің тиісті министрліктері қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз», – деді Мұрат Нұртілеу.

Айта кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыратын компания ретінде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қарастырылып жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит