8 сәуірде Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында «Ақпарат саласының жағдайы туралы баяндама» жарияланды. Құжат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды деп көрсетілгенімен, іс жүзінде қазақша нұсқасы тек тақырыппен шектелген. Баяндаманың толық мәтіні тек орыс тілінде берілген деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
Бұл мәселені алғаш журналист Жәнібек Нұрыш көтеріп, баяндама екі апта бойы түзетілмегенін айтты. Жүйелі мәселеге айналған мұндай салғырттық бұған дейін де министрлікке қарасты жобаларда көрінген: мемлекеттік тілдегі аудармаларда өрескел қателер кеткен.
«Бүгін жарияланған дүние болса, «кешіріңіздер, байқамай қалдық» дер едік. Бірақ бұл баяндама сайтта 8 сәуірден бері тұр. Екі апта өтті — түзетілмеген».
Оқырмандар редакцияға министрліктің тағы бір ресми материалынан қате скриншот жолдады — онда орысша “Казахстан” сөзінен “х” әрпі түсіп қалған. Бұл — тілді техникалық безендіру емес, мемлекеттік атауға жасалған ұқыпсыздықтың көрінісі. Бұл жазба сайтта сегіз ай бойы түзетілмей тұрған.
Мемлекеттік тілдің дамуына қыруар қаржы бөлініп жатқан тұста, мұндай қателіктер қоғам тарапынан сынға ұшырауда.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру