Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішіндегі апаттан 7 шахтер қаза тапты, оларды құтқару мүмкін болмады. Марқұмдардың денесі үйінді астынан табылып, 1500 метрден жер бетіне шығарылды. Полиция мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тапсырды.
Құтқару жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылды, алайда шахтерлерді аман алып қалу мүмкін болмады.
Қайтыс болған кеншілердің ең үлкені 49 жаста болса, ең жасы осы жылдың наурыз айында 27-ге толуы керек еді.
Алдын ала дерек бойынша, төтенше жағдайға табиғи газдың жарылысы себеп болып, жер опырылған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қазақмыс трагедиясы»: Жекеменшік құтқару қызметтерінің тиімсіздігі мен мемлекет тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетті.
«Жомарт» кеніші Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі.
«Қазақмысқа» миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай иелік етеді. Forbes Кимнің байлығын 3,6 млрд долларға бағалаған. Эдуард Огайдың байлығы 800 миллион доллар. Алайда бұл жолы да бұлар жазадан құтылып кетеді, деп жазды Михаил Казачков.
Кез келген санасы бар адамды бұлардың қандай жолмен ақша тауып отырғаны қызықтырады. Ал ол қыруар байлық қайда кетіп жатыр? Әрине, шалқып өмір сүруге.
«Кәсіпорын иелелі табысын қалай тауып отыр? Әрине, ескірген шахталарда жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қауіпке тігіп, олардың қанымен және маңдай терімен табады», — деп жазды Козачков.



Өз кезегінде депутат Ерлан Сайыров су жаңа ұшақ сатып алған компания акционерлерін сынға алды.
«Қазақмыс» ұшақ сатып алғанша, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ме? Олигархтар Қазақстанның орны толмайтын ресурстарын эксплуатация жасап жатыр. Олардың біздің халқымыздың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі жоғары болуы керек», — дейді Сайыров.
Бұл тура бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» кейсіне ұқсайды.
Мұндай мәселені шешуде Қазақстан біршама тәжірибе жинап алды. Миттал кетіп, оның орнына қайта жаңарған «Qarmet» шахталарында апаттың алдын-алу үшін жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Дегаздандыру құрылғылары талай адам өмірін сақтады. Кезінде Лакшми Миттал мұндай заттарға мүлде ақша бөлмейтін еді.
«Енді адамдар өлетін болса, онда Владимир Ким Лакшми Миттал сияқты елден кетуі мүмкін. «Әділетті Қазақстан» бұдан былай өз азаматтарының өліміне мүлде келіспейді. Кім болса да, қанша салық төлесе де, ең бастысы ел азаматтары аман жүруі тиіс. Осы аптада өкілетті тұлға Кимге аталған позицияны жақсылап түсіндіретін болады», — дейді, дереккөз.
Қазақмыс шахталары мен өндірісі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша корпорация 110 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Былтырғы жылдың алдын-ала есебі бойынша осы жылы акционерлері кемінде 100 миллиард теңгеге қол жеткізе алады.
Қалай болғанда да, Қазақмысқа 80 миллион долларға бизнес-джет алғанша, шахталардағы қарапайым еңбеккерлердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек. Мұндай апат тағы қайталанса, корпорация үшін бәрі бір демде өзгеріп кетуі мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру