Белсенді Елена Садвакасова қазақ тілі мәселесін көтерді, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның сөзінше, қазақ тілін үйрететін курстарды тегін қылу керек.
«Алатау ауданына қарасты әкімнің қабылдауына келдім. Бірақ бір нәрсені айтуға ұмытып кеттім. Менің енді бір өтінішім бар. Ол қазақ тілін оқытатын курстар құрастыру. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді үйренемін деген ниеті бар азаматтар оған тегін қол жеткізе алуы керек. Себебі ана тілін білгісі келетіндердің қаржылық жағдайы төмен. Себебі курсқа бармақ түгілі өмір сүрудің өзі қиындап кетті. Менің үндеуіме құлақ асыңыздар. Ересектер мен балаларға арналған топтар керек», — деді белсенді Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасай отырып.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру