Украинаның Қазақстандағы елшілігі көмек көрсетілгені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Кеше елшілік Украинаға генераторлар партиясы түрінде қазақстандық бизнес-топтар мен компаниялар жинаған кезекті гуманитарлық көмекті жіберген.
— Аталған көмек Украинаның әлеуметтік саласының аса маңызды объектілерінің: медициналық мекемелердің, мектептердің қызметін қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл әсіресе Украинаның қалалары мен ауылдары энергетикалық нысандар бойынша Ресейдің тұрақты шабуылдарынан зардап шеккен кезде қажет. Украиналық рух пен жеңіске деген ерік-жігер мызғымас, бірақ басқа елдер көрсеткен достық көмек біздің тұрақтылығымызды нығайтады, – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру