Ұлытау облысы әкімдігі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл туралы аймақ басшысы Дастан Рыспеков хабарлады, — деп жазады Ozgeris.info.
«Қазақмыс» компаниясы тарапынан да опат болғандардың отбасыларына барлық көмек түрі беріледі. Жұмысшының орташа жалақысының 10 еселенген мөлшерін және жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 2 миллион теңгеден астам қаражат төленеді.
Сондай-ақ асыраушысынан айырылуы бойынша ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несиесін жабу, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрі қарастырылады.
азанда оқыған кезде 7 адам шахта астында деп еді, қайтыс болғанба уже