«Қатысу үшін ақша төлеуің керек»: Баян Мақсатқызының жобасы сынға ұшырады (ВИДЕО)

Фото: instagram/bayanmaxatkyzy

TikTok қолданушысы танымал продюсер Баян Мақсатқызына өз ренішін білдірді, —  деп жазады ozgeris.info сайты.

«Неліктен Баян Мақсатқызы «Мисс Қазақстан» жобасына тек блогерлер мен бизнесмен әйелдерді қатыстырады? Ол онсызда танымал емес пе? Өзімнің 1.80 сантиметрлік бойыммен барлық стандартқа сай келемін деп ойладым. Бірақ ең бірінші әлеуметтік желіде оқырмандарың болуы керек екен, сонымен қатар қатысу үшін ақша төлеуді талап етеді», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, мұндай жобалар жаңа жұлдыздарды шығару керек екенін айтты.

«Мисс Қазақстан» қарапайым қыздар өзінің жұлдызын жаға алатын жоба болуы керек. Ал біздің елде бойы кішкентай болса да модель болып жүргендер бар», — деді желі қолданушысы.

Айта кетейік, танымал продюсер «Алтын ханым-2025» шоуына кастинг жариялап, 3000 әйелдің ішінен 27 әйелді таңдап алғанын жазған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)