Шерзат Полатқа қатысты сот отырысынан кейін жәбірленуші тараптың өкілі, адвокат Мейірман Шекеев өз көлігінен күмәнді жайтты байқағанын айтып, қастандық болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео арқылы мәлімдеді.
«Бүгін ғана сот отырысынан шықтық. Назар аударыңыздар: бұл бізге қастандық па, әлде кездейсоқтық па — оны Алла біледі. Екі болтты бұрап алып тастапты. Бұл – жол үстінде үлкен қауіп төндіретін жағдай», — деді Шекеев.
Адвокаттың айтуынша, көліктің дөңгелегіне қатысты өзгерістер жолда қозғалыс кезінде апатты жағдайға себеп болуы мүмкін еді. Ол бұл жағдайды жай кездейсоқтық деп қарауға болмайтынын меңзеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру