Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйін жаңа үйге алмастырғысы келгенін күйеуі Қайрат Нұртас хабардар екенін айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйін жаңа үйге алмастырамын деп алаяқтарға алданды. Актриса бұл шешімге бармас бұрын күйеуімен ақылдасқанын айтты.
«Карантин кезінен шыққан кезде бізде балалар әлі кішкентай еді. Балалар үйде қамалып отырып қалды, есік алдына шыққысы келеді. Дастарқан басында балалар жер үй болғаны жақсы деген сөздер айтып жүрді. Үйді сату немесе алмастыру үшін заң түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жайлы білді. Қайратпен бардық, көрдік, ақылдастық, әуежайға жақын екені ұнады. Ұсынысы бізге ыңғайлы болды. Қайратқа да ол жер ұнады», — деді актриса.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Қайрат Нұртас уақыт өте күмәндана бастаған.
«Кейін Қайрат менен енді қашан болады деп сұрай берді. Ол күдіктене бастады. Негізі Қайраттың интуициясы өте жақсы дамыған. Ол 2022 жылдың соңында бірдеңе таза емес деді.
Алаяқ болып шыққанын естігеннен кейін, әрине, Қайратқа айттым. Осындай жағдай болып қалды дедім. Ол сабырлықпен қабылдады. Бастысы, аман болайық, еңбектеніп, тағы да бір үй алармыз деді. Енді не істейсің деді. Мен «соңына дейін барамын» дедім. Әйтпесе, ол алаяқ ертең өзгені де алдайды», — дейді өнер иесі.
ПІКІР ЖАЗУ