Қарақат Әбілдина туған күнінде ең қымбат сыйды кім жасағанын айтты

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде туған күнінде ең қымбат сыйлықты кім жасағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

«Туған күнімдегі ең қымбат сый тарту – гүл қызымның ән шашуы болды. Осы күнді ерекше күтті өзі. Кішкентай жүрегі лүпілдеп, мені қуантқысы келгенін сезу қандай ғанибет», — деп жазды әнші.

Әнші қызы Аялаға арналған көйлек бір күннің ішінде тігілгенін, ал үш күнде би үйреніп алғанын айтты.