Қараой ауылындағы мектепте 9-сынып оқушысы бірнеше баланы ұрып-соқты

Әлеуметтік желілерде тараған видеода 9-сынып оқушысының бірнеше баланы қатар тұрғызып, күш қолданғаны байқалады. Бұл жайт жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq ryhy сайтына сілтеме жасай отырып.

Мәселе бойынша Алматы облыстық полиция департаментіне ресми сұрау жолданды. Сонымен қатар, желіде пікір білдірген білім басқармасының өкілі аталған фактіге байланысты тексеру басталғанын хабарлады.

“Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізеді. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтары қорғалады. Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі,” – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.