Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеймін деп елдің сынына қалды, — деп жазады ozgeris.info сайты.
Оқырмандарының қызу талқысына Қайрат Нұртастың әйелінің қысқа белдемшесі себеп болған.
«Осылай қысқа киінуге қалай арыңыз жібереді?», «Еп-ерсі енді осы жерің, төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартшайшы», «Кішкене ұят сияқты к*т ашып жүрген. Негізі скромность болған жақсы сияқты», — деп жазды желі қолданушылары.
Ал Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынағандарды жауапсыз қалдырмады.
«Ар деген ұғымның пәлсапасын киім үлгісімен өлшейтін болсаңыз, қиын болыпты. Төрт бала тудым деп, өз-өзіме үкім шығаратын — ол, мен емес! Адамның киіміне қарап тон пішетіндер тым көп керек. Белден төмен темаға жоламайық, ұят болды», — деді акртиса.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру