«Қайраттың досы жоқ»: Гүлзира Айдарбекова әнші ұлының ел білмейтін сырын ашты

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова бұрын жақын араласқан достарының көбімен қазір қарым-қатынасы суып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер блогер Анар Батырханға берген сұхбатында алдымен Қайрат Нұртастың достары және өзінің бір кездері араласқан ортасы жайлы айтып өтті.

«Қайратта дос жоқ. Дос біреу-екеу болуы мүмкін. 40 адам болса, ішінде біреу-ақ. Мен оны өзіне де айтамын. «Қайрат, сенде дос жоқ» деймін. Бұрын туған күнімді үшке бөліп жасайтынмын. Ол кезде Қайрат кішкентай болатын. Сонда Ұлықпан Жолдасовтарды, Жанатбектерді шақырып, туған күнімді жасаймын. Сонда әпкем айтатын, «Гүлзира, ертең осылардың бәрі жоқ болады қасыңда. Біреуінің бала-шағасының проблемасы болады, біреуінің өз проблемасы болады немесе араласуға ұялатын болады. Өйткені, жетістігіңді көре алмайды. Солай барлығы тарап кетті. Сонда бір-екі досың қалса қуан дейтін. Шынымен, бұрын 50 досым болса, қазір соның бір-екеуі ғана қалды.

Біреу танылып жатса, оны біреу аяқтан шалып жатады. Ал өзін құрбан ретінде көрсетіп, жылап шықса, оны халық аяп, қатты өсіреді. Солай ажырасамын деп күйеуін жамандау болады», — дейді Гүлзира Айдарбекова.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!