Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты маңызды тарихи құжатты табыстады. Бұл жөнінде ozgeris.info сайты POLITICO.KZ сайтына сілтемемен хабарлайды.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған марапаттау парағына сәйкес, Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда, белгісіз себептермен бұл жоғары марапат берілмеген.
Соғыс жылдарындағы ерлігі ескеріліп, Кемел Тоқаев Польша жеріндегі шайқастарда көрсеткен батырлығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру