Алматы облысының ақпараттық алаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндеттері талқыланған баспасөз мәслихаы өтті.
Спикерлердің айтуынша, Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылған. Зейнетақы жүйесін жетілдіруге және отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін қолдансқа жаңа әдістерді енгізілген. Оны жүзеге асыру үшін нақты міндеттер қойылды.
Брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Ерлан Аманбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов, үйлестіру және жұмыспен қамту басқармасының басшысы Айгүл Ахметова баяндамаларымен таныстырды.
Спикер Айдынжан Нарматов елімізде отбасының цифрлық картасын енгізу кезеңдері, зейнетақы төлемдерін арттыру, БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу жайында егжей-тегжейлі айтып берді.
«Іс жүзінде карта — бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы олардың күн сайынғы «электрондық хабарлаушысы». Мемлекеттің қызмет көрсетуінің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгіну қажеттілігінсіз мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады. Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінде цифрлық картада шамамен 6 миллион отбасы және 19 миллион олардың мүшесі туралы деректер қамтылған және «отбасы портреті» деп аталатын деректер қалыптастырылған. Карта деректері отбасы мен оның мүшелерінің мәртебесі өзгерген сайын жаңартылып отырады», — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, спикерлер жаңа ұсыныстарға жеке тоқталып, кезең-кезеңмен енгізу барысы туралы баяндады.
Айта кетерлігі, бала күтімі кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.
Бұл норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қатысты болмақ. Бұл құқықты жарты миллионға жуық ата-ана пайдаланады. Бұл ретте бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуге үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуі тиіс. Ол бүгінде МӘСҚ-қа аударымдар жүргізілген табыстың 40% — ын құрайды. Жұмыс істемейтін ата-аналар немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар адамдар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады.
— Әйелдер зейнетке 61 жасында шығатын болады.
Яғни, 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде арттыруды жоспарланған 5 жылға тоқтатылмақ.
— Елімізде зейнетақы төлемдері артады.
2023 жылдың 1-і қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70% — ға дейін, ең жоғары-тиісінше 100% — дан 120% — ға дейін жеткізу. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51% — ға дейін артпақ. Базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13% — ға жетпек. Бұл барлық 2 миллион зейнеткерге қатысты болады. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% — ға арттыруға мүмкіндік береді.
ПІКІР ЖАЗУ