Президент банктерден мемлекеттен алған көмекті қайтаруды сұрады

Фото: vuzopedia.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев банктерді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Ол 2017-2020 жылдары кейбір банктерге Ұлттық Қор есебінен көмек көрсетілгенін еске салып, енді банктердің экономиканы дамытуда жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты.

«Банктер ешқашан Үкіметтің немесе халықтың жауы емес. Бірақ әділ серіктестік болуы керек. Бір кезде сіздерге көмектесті, енді сіздер де жауап беріңіздер», — деді Президент.

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке банктердің артық өтімділігін экономикалық айналымға тарту үшін шаралар қабылдауды тапсырды.