Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде еліміз бойынша 500-ден астам көшеге Ұлы Отан соғысы батырларының есімі берілетінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
«Жуырда менің тапсырмам бойынша республикалық ономастикалық комиссия еліміздегі елді мекендерде 500-ден астам көшеге осы өңірлердің тумасы болып табылатын, бірақ есімдері тасада қалып келген соғыс қаһармандарының атын беру туралы шешім қабылдады. Бұл ең алдымен жаңа көшелер мен атауы қайталанатын көше атауларына қатысты. Осы шешім арқылы біз Жеңістің тарихи маңызы мен оған тікелей қатысқан жандарға деген құрметімізді білдіреміз», – деді Мемлекет басшысы.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру