Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды.

Қанат Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымнан қазіргі кезге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!