➤ Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек.
➤ Отандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттелді. Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге осы механизмді өнеркәсіптің барлық негізгі салаларында қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
➤ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтау тапсырылды. «Самұрық-Қазына» холдингі мен өңір әкімдіктеріне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейтуі қажет.
ПІКІР ЖАЗУ