«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдайды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Қазақстан азаматтарына 11 грант бөлінді:
«бакалавр» білім дәрежесі бойынша – 3;
«магистр» білім дәрежесі бойынша – 4;
«докторантура» білім дәрежесі бойынша – 4.
Құжаттардың толық пакеті 2022 жылғы 17 наурыздан 15 сәуірге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау Egov.kz қызметі арқылы жүзеге асырылады және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсырылады.
Грант төмендегідей шығыстарды қамтиды:
тегін оқу;
докторантура бағдарламасы бойынша ай сайынғы стипендия.
Толық ақпаратты мына жерден көре аласыз.
ПІКІР ЖАЗУ