Әуежайда тұтқынды құтқарған ер адам тағы бірқатар жайттармен бөлісті. Белгілі болғандай, полиция агрессормен келіссөз жүргізгенімен, нәтиже шықпаған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Досымды шығарып салып, кері қайтқалы тұрған едім. Сол сәтте „айқайды“ естідім. Бәрі жүгірді, мен де. Полиция қызметкерлері жақындап, сабырға шақырмақ болды, бірақ ол одан сайын ашуланды. Полицейдің бірі қызды босатуды сұрады. Бірақ ол тұтқынмен орын алмастыруды ұсынды».
Мұса Абдраимов полицейдің тұтқын бола алмайтынын түсінді — өйткені оның қолында қызметтік қару бар еді.
«Ол қалай барады? Біз полицеймен көзбен ұғыстық. Мен оған бармауын ишарамен білдірдім. Кейін өзімді ұсындым, ал ол келісті. Сол қолымен мені ұстап, оң қолында пышақ болды. Тыныш тұрды. Полиция әңгімемен алаңдатты. Алғашқы ойым — пышақты алып тастау болды. Сол сәтте оның қолы босаңсып, бірден әрекетке көштім».
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру