Атырауда әділет подполковнигі пара алғаны үшін атағынан айырылды,деп хабарлайды ozgeris.info.
Сот ҚАЖД № 75 мекемесі бастығының міндетін атқарушыға 30 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол пара берушінің ағасын шаруашылық жұмыстарын орындау үшін сотталған санатына ауыстырғаны және оны тергеу изоляторында қалдырғаны үшін 1 млн теңге пара алған.
Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, оған параның 30 еселенген мөлшерінде айыппұл салды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырды. Сонымен қатар, ол «әділет подполковнигі» атағынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ