«Пицца» деді ме, «п*ся» деді ме — баланың сөзіне бейәдеп сөз жапсырған блогер дауға қалды

Фото: instagram.com/daricorn.rr

Әлеуметтік желілерде танымал блогер Daricorn (нақты есімі – Дариға Нүркеева) қатысқан жағдай жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Болжам бойынша, 2024 жылдың тамызында Дариға бір әйелдің ұлын видеоға рұқсатсыз түсіріп, оның «пицца» деген сөзіне бейәдеп сөзді монтаждап, ролик жариялаған. Бейнежазба жарнама мақсатында түсірілген. Видео екі миллионнан астам қаралым жинап, нәтижесінде бала кибербуллинг пен мазаққа ұшыраған.

Анасы блогерді сотқа беріп, сот моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуді, кешірім сұрауды және сот шығындарын өтеуді міндеттеді. Бірақ дәмхана сот шешімімен келіспей, апелляция түсірген.

Ал осы дау кезінде Daricorn Instagram-да стористерге толып, серуендеп, қонақ шақырып, өмірден ләззат алып жүргенін көрсетуде. Желі қолданушылары болса: «Қайда әділет?» деп наразылық білдіруде.