Петропавл мектептерінде терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бүгін «19 ақпан Петропавлдың 7 мектебіне шабуылдаймыз» деп әлеуметтік желіде тараған жазбаға қатысты түсінік берді.
«Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды; облыс орталығындағы барлық оқу орындарына жеке құрамның күштері мен құралдары бөлініп бекітілді. Бұған дейін осыған ұқсас хабарламалар көрші мемлекеттен Қазақстанның басқа бірқатар өңірлеріне келіп түсті.Аталған мәселе менің жеке бақылауымда. Халықты осындай хабарламалардан үрейге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — деді Айдын Қабдұлдинов.
Фото: Pixabay
ПІКІР ЖАЗУ