Петропавлда ұрлыққа күдікті жігіт полицейлерден қашып, суықтан үсіп өлді

Фото: polisia.kz

21 жастағы тұрғын екінші сәуірге қараған түні Солнечный шағын ауданындағы арыққа жасырынып, үсіп қалған, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Бейресми ақпарат бойынша, трансформатор бөлшектерін ұрлады деген күдікке ілінген екі жігіт полициядан қашпақ болған. Олардың бірін ұстаған, ал екіншісі бой тасалап, бірнеше сағат бойы судың ішінде жасырынып жатқан. Полицейлер оны тапқанда қатты тоңып қалғаны анықталды.

– Тексеру кезінде жүрек соғысы мен тыныс алу болмағаны тіркелді. Терең кома. Реанимация шаралары нәтиже бермеді, биологиялық өлім тіркелді. Оған жедел жәрдем көлігінде емес, оқиға орнында реанимация жасалды, – деп жазды әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног.

Полиция департаменті де оқиғаға қатысты пікір білдірді, бірақ толық ақпарат бермеді.

– Екінші сәуірге қараған түні Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны көз жұмды. Оны Солнечный ауылының бұрылыс маңынан тапқан. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер қазір тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілердің әрекетіне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!