Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды

Петропавлда бір ай бұрын жоғалған қала тұрғынының денесі тасқын су басқан ықшам ауданнан табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалған еді.

12 мамыр күні сүңгуірлер ер адамның денесін алып шықты. Мүрдеде зорлық белгілері болмаған, ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Естеріңізге салайық, Петропавлда 12 сәуірден бастап Есіл өзенінің суы көтеріліп, тек 22 сәуірден кейін ғана түсе бастады.

Фото: Pexels


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом