«Перуашев әдейі істеді»: Әйелдерге ұятсыз хат жазған экс-депутат мұның бәрі лас ойын екенін айтты

Фото: parlam.kz

Әйел адамға ұятсыз хаттар жазды деген Асқар Садықов мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев депутат Асқар Садықов не үшін партиядан шығарылғанын түсіндірген болатын.

Перуашевтің сөзінше, партия атына Асқар Садықовқа қатысты бірқатар шағым түскен, онда айтылған жайттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылған. Сонымен қатар Перуашев Садықов әйел адамға ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткенін айтты.  Асқар Садықов осыған қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол жалпы «халық игілігі үшін жұмыс істеп жүргенін» айтты.

«Мен алты баланың әкесімін және Азат Перуашевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірейін деп едім. Мені лас ойындарыңыз бен манипуляцияларыңызға араластырмауды сұраймын. Мен енді үнсіз қалмаймын. Оның мәлімдемесі партия жетекшісінің деңгейіне сай келмейді. Бірақ Азат Перуашевтің өзі халықты адастырған кезі де болған. Оның жұмыс стилі сондай болса керек. Азат Перуашев, егер мені партиядан шығарғыңыз келсе басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді, бірақ сізде ол да жоқ. Олар менің қызметіме нұқсан келтіреді. Менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ.

Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған ескертпеді. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз», — дейді Садықов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Аскар Садыков (@askar_sadykov)