Жедел іс-қимылдарды ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен облыстың киберполициясының қызметкерлері жүргізді.
«Жалдамалы пәтерде әрқайсысында қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған 8 слотты 5 sim-box құрылғысы анықталды. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлер жасалды. Бұдан басқа, қазақстандық және шетелдік ұялы операторлардың 4 роутері мен 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Белгіленгендей, олардың міндетіне апта сайын қызмет көрсетілетін бокстарда sim-карталарды ауыстыру кіреді. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Жыл басынан бері ҚР-да 9 мыңнан астам нөмір бұғатталып, 200 мыңнан астам қоңырау соғылды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері 28 интернет-алаяқты, 3 sim-box станциясының «операторын» ұстады, түрлі ұялы операторлардың 7 sim-box құрылғысы мен 285 sim-картасын тәркіледі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру